Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында қазақстандық Виктория Графеева жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Виктория Графеева ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі, Азия ойындарының чемпионы әрі Азияның үш дүркін жеңімпазы О Ён Джимен қолғап түйістірді.
Алғашқы раундта төрешілер қарсыласына басымдық бергенімен, кейінгі екі раундта отандасымыз жекпе-жектің тізгінін өз қолына алып, айқын басымдық танытты. Нәтижесінде Графеева 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы Әлем кубогының жартылай финалына шықты.
