Ұлан-Батырда өтіп жатқан Grand Slam турнирінде Нұрқанат Серікбаев жарысты мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі Сен Бом Чоны жеңді.
Алайда екінші айналымда қазақстандық дзюдошы Әзербайжан спортшысы, Paris Grand Slam 2025 турнирінің жеңімпазы Руслан Пашаевпен кездесті.
Белдесу барысында Нұрқанат «вазари» бағасымен алда болды. Дегенмен кездесудің соңғы секундтарында Пашаев тәуекелге барып, «иппон» әдісін орындады.
Осылайша әзербайжандық спортшы жеңіске жетіп, Серікбаевтың жарыс жолын аяқтады.
