Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Айбек Оралбай жартылай финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай Әлем кубогының 1/4 финалында Англия өкілі Мэтью Уильямспен жұдырықтасты.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы алғашқы секундтардан-ақ қарқынды шабуылға көшіп, қарсыласын үнемі қысымда ұстады. Төрешілердің бірауызды шешімімен Айбек Оралбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, 5:0 есебімен жартылай финалға жолдама алды
Айта кетейік, ерлер құрамасынан Санжар Тәшкенбай мен Абылайхан Жүсіпов та жартылай финалға жолдама алған болатын.
