Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогында Виктория Графеева финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап Виктория Графеева финал жолдамасы үшін Өзбекстан өкілі Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, үш раунд бойы қарсыласынан басым түсті. Қорытынды есеп — 5:0.
Осылайша, Виктория Графеева Әлем кубогының финалына жолдама алды.
