Қазақстандық каратэші Олжас Алтынбек Балида өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалдық кездесуде отандасымыз Иордания өкілінен басым түсіп, құрлық біріншілігінің алтын жүлдесін иеленді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты.
