Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалдық кездесуде отандасымыз Сауд Арабиясының спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Осылайша, Жоламан кумите бағдарламасының 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатарынан екінші жыл Азия чемпионы атанып, құрлықтағы үздік спортшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
