Абылайхан Жүсіпов Қытайда өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде құраманың көшбасшыларының бірі Абылайхан Жүсіпов ақтық сында үндістандық Дипакпен қолғап түйістірді.
Отандасымыз жекпе-жек бойы жоғары деңгейдегі тактикалық шеберлігі мен тәжірибесін паш етіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Абылайханға берді. Қорытынды есеп — 5:0.
