Виктория Графеева Қытайда өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Лин Юй
Тинмен (Тайпей) қолғап түйістірді.
Алғашқы раунд қарсыластың пайдасына аяқталғанымен, Виктория кейінгі екі раундта мінез көрсетіп, жекпе-жек тізгінін өз қолына алды.
Нәтижесінде ол 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың басты сенсацияларының біріне қол қойды.
