27 қарашада Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының финалы өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы K44 спорт класында жеті спортшымен өнер көрсетеді
Ел намысын ерлер арасында Нышанбек Ақтілеуов (−58 кг), Айбек Жұманғали (−63 кг), Дінмұхаммед Асқар (−70 кг) және Нұрлан Домбаев (−80 кг) қорғайды.
Ал әйелдер арасында Милана Красавцева (−52 кг), Камиля Досмалова (−57 кг) және Марьям Салимгереева (−65 кг) татамиге шығады.
Айта кетейік, Астанадағы жарыста жиналған рейтингтік ұпайлар спортшылардың 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде есепке алынады.
