Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Италия өкілі Сирине Чараабимен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты кездесуде Назым төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
