Америкалық атақты балуан Кайл Снайдер Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп жазады Sportbugin.kz.
АҚШ құрамасының шешуші іріктеу турнирі Final X жарысында 97 келі салмақта өнер көрсеткен Снайдер Стивен Бьюкененнен басым түсті.
Алғашқы белдесуде Снайдер 5:2 есебімен жеңгенімен, екінші кездесуде қосымша көрсеткіш бойынша жеңіліп қалды. Алайда шешуші үшінші белдесуде қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 9:3 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижемен Кайл Снайдер АҚШ ұлттық құрамасының сапында тоғызыншы рет әлем чемпионатына қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін ирандық балуан Хасан Яздани да жолдамаға ие болған. Ал бұл салмақта Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ризабек Айтмұхан саналады.
