ISU шешімімен Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыс 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Астанаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады.
Турнирді өткізу Қазақстан үшін де, мәнерлеп сырғанаудың жаһандық дамуы үшін де маңызды оқиға болмақ.
Бұл төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ. Бұған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын және 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде қабылдаған болатын.
Айта кетейік, ISU мәліметінше бұл шешімді қабылдауға Михаил Шайдоровтың Олимпиада ойындарындағы жеңісі үлкен әсер берген.
