Таеквондодан Қазақстан құрамасы Алтай одағы чемпионатын 4 алтын жүлдемен бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Астана қаласында таеквондодан алғашқы Алтай одағы чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан командасы барлығы 18 медаль жеңіп алды.
Қазақстан командасы сапынан Самирхон Абабакиров (-63 кг), Бейбарыс Қабылан (+87 кг), Айша Әділбекқызы (-62 кг) мен Назым Махмұтова (-73 кг) жарыс жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдегерлер — Тамирлан Тілеулес (-58 кг), Мақсат Орынбасар (-74 кг), Айдана Құмартаева (-46 кг), Нұрай Бауыржанова (-49 кг), Нодира Ахмедова (-53 кг), Аяулым Асқар (-67 кг).
Қола жүлдегерлер — Баходир Шапулатов (-54 кг), Мерген Ғаниев (-80 кг), Бауыржан Хасенов (+87 кг), Нұрайым Жұмабек (-49 кг), Айдана Сүндетбай (-53 кг), Аружан Найманбаева (-67 кг), Нұрлы Кеңесбек (-73 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг).
Айта кетейік, бұл турнир ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында өтіп жатыр.
