Лионель Месси футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші матчында Австрияға қарсы кездесуде 38 жастағы шабуылшы 38-минутта есеп ашты. Ал қосымша уақытта ағы бір гол соғып, дубль авторы атанды.
Осы нәтижеден кейін Месси әлем чемпионаттарындағы гол санын 18-ге жеткізіп, жаңа тарихи рекорд орнатты.
Аргентиналық футболшы бұған дейін Алжирге қарсы ойында хет-трик жасап, Клозенің рекордын қайталаған еді.
Қазір Мессидің еншісінде әлем чемпионаттары тарихындағы 18 гол бар.
