Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қытайда өтіп жатқан дзюдодан Гран-при турнирін үздік бестікте аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сметов әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған ресейлік Аюб Блиевпен татамиге шықты. Қарсыласы 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
Тартысты өткен кездесуде Блиев екі ваза-ари әдісімен мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қола медаль иеленді. Ал Елдос жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Циндаодағы Гран-при турнирі Елдос үшін Париж Олимпиадасындағы тарихи алтыннан кейінгі алғашқы халықаралық жарыс болды.
