Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов қазақстандық боксшылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz порталына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
«Әр жекпе-жекке финал сияқты дайындаламын. Фаворит деген ұғым жоқ, бәрін бір соққы шешуі мүмкін. Қазір де бабымдамын, сондықтан тағы бір Олимпиадада бақ сынап көру ойымда бар.
Қазақ боксшыларынан Біржан Жақыповты ерекше атап өтер едім. Ол өте мықты әрі еңбекқор спортшы. Сондай-ақ Сәкен Бибосыновпен де жұдырықтастым. Қазір Санжар Тәшкенбайдың өнерін бақылап жүрмін, өте жылдам боксшы», — деді боксшы.
Сондай-ақ, өзбекстандық боксшы болашақта кәсіпқой бокста тағы бірнеше жекпе-жек өткізетінін және алдағы Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді.
