Ғұсман Қырғызбаев Қытайда өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы жартылай финалда бразилиялық Рональд Лиманы сенімді түрде жеңіп, шешуші белдесуге шықты.
Финалда Қырғызбаев жапониялық дзюдошы екі дүркін Олимпиада чемпионы және әлем чемпионатының бірнеше мәрте жеңімпазы Хифуми Абэмен кездеседі.
Айта кетейік, жарыстың финалдық блогында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те өнер көрсетеді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі.
