Шешенстандық ММА спортшысы, «Ахмат» клубының бұрынғы мүшесі Джихад Юнусов Украинадағы соғыста қаза тапты. Бұл туралы NIYSO хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Юнусов мамыр айында Грозныйдағы екі адамға шабуыл жасаған видеодан кейін «Ахмат» клубынан шығарылған болатын. Осы оқиғадан соң жергілікті билік оның тиісті жазасын алатынын мәлімдеген.
Кейін спортшы «Север-Ахмат» полкінің құрамында майданға аттанған. Оның нақты қай жерде және қашан қаза тапқаны әзірге белгісіз.
