Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталғанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Баршаңызға сәлем! Көптен күткен II дәрежелі «Барыс» орденін алдым. Менде III дәрежелі орден де бар, енді I дәрежесі ғана қалды. Сонда толық кавалер атанамын. Қараңыздаршы, қандай әдемі! Түсі де ерекше», -деді шахматшы жариялаған видеосында.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева — блиц шахматынан үш дүркін әлем чемпионы. Биыл ол Үміткерлер турнирінде күміс жүлдегер атанды.
