Таиландта өтіп жатқан U15 Азия чемпионатында қазақстандық Бибарыс Түзелбаев қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының балуаны 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, алғашқы халықаралық жарысында-ақ жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Айта кетейік, Бибарыс — өткен жылы құдыққа түскен қызды құтқару кезінде қаза тапқан жаттықтырушы Нұрбол Бердіғалиевтің төл шәкірті. Қазір жас спортшы Лиус Калиевтің жетекшілігімен жаттығып жүр.
Мамыр айында Бибарыс Түзелбай жастар арасында Қазақстан чемпионы атанған болатын.
Бұл оның халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыстарының бірі.
