Марокко құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Нидерланд құрамасын жеңіп, келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Нидерланд сапынан 72-минутта Коди Гакпо есеп ашса, марокколықтар 90+1 минутта Исса Диоптың голының арқасында таразы басын теңестірді. Кейін пенальти сериясында Марокко 3:2 есебімен басым түсті. Шешуші соққыны Исмаэль Сайбари дәл орындады.
Кездесу барысында әлеуметтік желі қолданушылары Марокко футболшыларының пенальти сериясы алдында алаңда жиналып, Құран аяттарын оқып, дұға жасағанын ерекше атап өтті. Ал жеңістен кейін ойыншылар мен бапкерлер сәждеге барып, құлшылық жасады.
Осылайша, Марокко құрамасы қатарынан екінші әлем чемпионатында плей-оффтың келесі кезеңіне шықты. Енді 1/8 финалда Канада құрамасымен кездеседі.
