Атырау облысының намысын қорғайтын еркін күрес шебері Талғат Сырбаз ұзақ үзілістен кейін бозкілемге қайта оралмақ, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Атырау облыстық еркін күрес федерациясының мәліметінше, қазіргі таңда балуан Қытайдың Үрімші қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алдағы уақытта ол дайындықтарын Бейжің қаласында жалғастырады.
Жоспар бойынша, Талғат Сырбаз 6-7 айдан кейін ресми түрде бозкілемге қайта оралмақ.
Еске салайық, қазақстандық балуан допинг қолданғаны үшін үш жылға жарыстардан шеттетілген болатын. Оның ағзасынан спортшыларға пайдалануға тыйым салынған дростанолон препараты анықталған.
Осыған байланысты Талғат Сырбаз 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін халықаралық және ресми жарыстарға қатыса алмайды.
