Иорданиялық боксшы Зейяд Ишайш соңғы жылдары бірнеше қазақстандық былғары қолғап шеберімен маңызды жекпе-жектер өткізді.
Асланбек Шымбергенов Олимпиадаға дейін Ишайшпен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын. Ол екі мың жиырма екінші жылғы Азия ойындарының жартылай финалында қарсыласын айқын басымдықпен ұтса, екі мың жиырма екінші жылғы Азия чемпионатының финалында да жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Алайда Париж Олимпиадасында жағдай басқаша өрбіді. Бұған дейін екі мәрте тізе бүктірген қарсыласына бұл жолы үш те екі есебімен жол беріп, жарысты алғашқы айналымнан аяқтады.
Қазақ боксының жас жұлдызы Төрехан Сабырхан да Моңғолияда өткен Азия чемпионатының финалында Зейяд Ишайшпен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде иорданиялық боксшы жеңіске жетіп, Төрехан күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Абылайхан Жүсіпов отандастарының кеткен есесін қайтарды. Жартылай финалда ол Зейяд Ишайшпен кездесіп, екінші раундта қарсыласының жарақат алуына байланысты жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. Нәтижесінде, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
