Таиландта өтіп жатқан күрес түрлерінен U20 Азия чемпионатында әйелдер күресінің бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
65 келіге дейінгі салмақта Жаныл Бекен финалда Өзбекстан өкілі Мұхайё Нарзиллоеваға жол беріп, күміс жүлдегер атанса, 68 келіде Ұлдана Тілеухан шешуші белдесуде қытайлық Чэньлин Суннан жеңіліп, күміс медаль иеленді.
Ал қола жүлдені 53 келіде Динара Даулқызы, 57 келіде Анна Стратан және 59 келіде Айжан Мұратбай жеңіп алды. Олар қола медаль үшін өткен белдесулерде өз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстанның U20 құрамасы Азия чемпионатын екі күміс және үш қола медальмен қорытындылады.
