Аргентина мен Кабо-Верде әлем чемпионатының 1/16 финалында тартысты ойын өткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Аргентинадан Лионель Месси есеп ашса, Кабо-Вердеден Дерой Дуарте таразы басын теңестірді.
Қосымша уақытта командалар тағы да гол алмасып, жеңімпаз 111-минуттағы автогол арқылы анықталды. Нәтижесінде Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал ойыннан кейін Кабо-Верде ойыншысы жеңілістен соң көз жасына ерік берді. Бұл сәт жанкүйерлердің де көңілін босатты.
Айта кетейік, енді Аргентина 1/8 финалда Египетпен кездеседі.
