Таиландта өтіп жатқан U20 Азия чемпионатында Асамбек Бекасыл алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалға дейін сүрінбей жетті.
Шешуші белдесуде ол Үндістан өкілі Пушппен кездесіп, қарсыласын 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, Асамбек Бекасыл еркін күрестен U20 Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, ел қоржынына алтын жүлдені салды.
Айта кетейік, Асамбек биыл жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да топ жарып, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанған болатын.
