Таиландта өтіп жатқан U20 Азия чемпионатында Нұрдәулет Сейілбеков алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрдәулет Сейілбеков финалда ирандық Мұхаммад Мамивандпен белдесті.
Тартысқа толы кездесу 4:4 есебімен аяқталғанымен, соңғы нәтижелі әдісті қазақстандық спортшы жасағандықтан, жеңіс оған берілді.
Осылайша Нұрдәулет Сейілбеков Паттайяда өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасына тағы бір алтын медальді 61 келіде өнер көрсеткен Асамбек Бекасыл сыйлады.
