Трамптың араласуынан кейін FIFA әлем чемпионатында көрсетілген қызыл қағаздың күшін жойды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
FIFA тарихта алғаш рет әлем чемпионаты барысында қызыл қағаз алған футболшының автоматты дисквалификациясын тоқтатты.
Бұл шешім АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогун қатысты қабылданды. Ол Босния және Герцеговинаға қарсы өткен кездесуде алаңнан қуылған болатын. Соған қарамастан FIFA оның келесі матчқа автоматты түрде шеттетілуін тоқтатты.
Дегенмен қызыл қағаз ойыншының тәртіптік тарихында сақталады.
БАҚ мәліметінше, шешім қабылданар алдында АҚШ президенті Дональд Трамп FIFA басшылығына үш рет хабарласып, Балогунның дисквалификациясын алып тастауды сұраған.
Федерация шешімінен кейін Трамп FIFA-ға алғыс айтып, ұйымның «үлкен әділетсіздікті түзеткенін» мәлімдеді.
Өз кезегінде АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино FIFA шешімін қолдап, Балогунның алаңнан қуылуы бастапқыда тым қатаң жаза болғанын айтты.
