Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар футболдан әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бразилия құрамасы турнирдің 1/8 финалында Норвегиядан 1:2 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Неймар кездесудің екінші таймында алаңға шығып, қосымша уақытта пенальтиден гол соқты. Бұл оның 2023 жылдан бері ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы болды.
34 жастағы шабуылшы осылайша төрт бірдей әлем чемпионатында гол соққан тарихтағы екінші бразилиялық футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке аңыз ойыншы Пеле ғана қол жеткізген.
Матчтан кейін Неймар Бразилия құрамасындағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағанын айтып, ұлттық құрама жейдесіндегі жолы осы әлем чемпионатымен аяқталғанын жеткізді.
