Қазақстандық халықаралық дәрежедегі төреші Юлия Акулова 2026 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік волейбол төрешісі атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл атақ оған Азия волейбол конфедерациясының (AVC) дауыс беру нәтижесінде берілді. Акулова ұйым тарихындағы тұңғыш AVC Gala Awards Night марапаттау рәсімінің лауреаттарының бірі болды.
Салтанатты марапаттау кеші 8 тамыз күні Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.
Айта кетейік, Юлия Акулова — Қазақстандағы FIVB халықаралық санатындағы ең жоғары A дәрежесіне ие жалғыз төреші.
Ол бұған дейін жастар арасындағы Азия және әлем чемпионаттарында, ересектер мен клубтар арасындағы Азия чемпионаттарында, Ұлттар лигасының матчтарында, Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлерінде және 2025 жылғы әлем чемпионатында төрелік еткен.
