Екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов алдағы Азия ойындарына қатыспайтынын мәлімдеді, деп жазады Sportarena.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары қазақстандық боксшылар үшін жылдың ең маңызды жарыстарының бірі саналады.
Алайда Сәкен Бибосынов бұл додада ел намысын қорғамайтынын айтты.
«Қазір Азия ойындарына баратын ұлттық құраманың қатарында жоқпын. Сондықтан бұл жарысқа қатыспаймын», — деді боксшы.
Айта кетейік, Бибосынов биыл екінші рет әлем чемпионы атанғаннан кейін ірі халықаралық жарыстарға қатысқан жоқ. Оның әуесқой бокстағы соңғы жарысы Кеңес Одағының Батыры және «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық турнир болды. Бұл додада Алматы облысының 29 жастағы өкілі барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды.
