Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік туды пайдалану қағидаларын бекітті, деп жазады Sportbugin.kz.
Жаңа талаптарға сәйкес, азаматтар Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі кемінде 3 метр болатын тұғырға орната алады.
Сондай-ақ заң талаптары сақталған жағдайда туды жеке және заңды тұлғалардың автокөлік салондарында пайдалануға рұқсат етіледі.
Құжатқа сәйкес, Мемлекеттік Ту жерге, суға немесе басқа беттерге тимеуі, әрдайым таза, бүтін әрі жарамды күйде болуы тиіс. Туды қорлауға, бүлдіруге, өртеуге, жыртуға немесе мақсатына сай емес пайдалануға тыйым салынады.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік туды коммерциялық мақсатта, сондай-ақ жарнамада, киім-кешекке, төсек-орын жабдықтарына, перде, дастарқан, кілемше және өзге де тұрмыстық бұйымдарға қолдануға рұқсат етілмейді.
