Қазақстан 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Биыл қазан айында елімізде күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
Ал 2027 жылы Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 28-31 қаңтарда,
бокстан әлем чемпионаты 10-26 сәуірде, үстел теннисінен әлем чемпионаты 22-30 мамырда, дзюдодан әлем чемпионаты
7-14 маусымда, таеквондодан әлем чемпионаты 7-13 шілдеде өтеді.
Киберспорттан әлем чемпионатының нақты мерзімі кейінірек жарияланады.
Бұл — Тәуелсіз Қазақстан тарихында екі жыл ішінде жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына алғаш рет қол жеткізген маңызды жетістік.
Әлемдік деңгейдегі жарыстар елдің спорт инфрақұрылымы мен ұйымдастыру әлеуетін айқындап, туризмнің, қызмет көрсету саласының дамуына, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға серпін береді.
