Футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы Франция — Марокка матчында қызмет көрсететін төрешілер белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Франция мен Марокко арасындағы матчтың бас төрешісі аргентиналық Факундо Тельо болады. Оған жерлестері Хуан Пабло Белатти мен Габриэль Чаде көмекшілік етеді. Төртінші төреші — Дарио Эррера, ал резервтегі төреші — Кристиан Наварро.
Сондай-ақ Испания мен Бельгия арасындағы кездесуді ағылшындық Майкл Оливер басқарады. Оның көмекшілері — Стюарт Бёрт пен Джеймс Мейнворинг. Төртінші төреші қызметін бразилиялық Рамон Абатти, ал резервтегі төреші міндетін Рафаэл да Силва Алвес атқарады.
Франция мен Марокко арасындағы ширек финалдық матч 9 шілде күні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады.
Испания мен Бельгия 10 шілде күні кездеседі. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп жатыр.
