Қырғызстандық еркін күрес шебері Ерназар Ақматалиев Грузияда өтіп жатқан RAF Georgia турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ақматалиев жеңіл салмақта америкалық балуан Зейн Резерфордпен белдесті.
Тартысты өткен кездесу 3:3 есебімен аяқталғанымен, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс қырғыз спортшысына берілді.
Айта кетейік, Ерназар Ақматалиев — әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері (бір күміс, екі қола), 2025 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында 2022 жылы күміс, 2026 жылы қола медаль жеңіп алған.
Ал оның қарсыласы Зейн Резерфорд — 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
