ММА шебері Қуат Хамитов Грузияда өткен RAF Georgia еркін күрес турнирінде армениялық файтер Арман Царукянмен күш сынасты, деп жазады Sportbugin.kz.
Белдесу Арман Царукянның айқын басымдығымен өтіп, үшінші кезеңде техникалық басымдықпен 11:0 есебімен аяқталды. Жекпе-жек алдында да Царукян кездесудің басты фавориті саналған еді.
Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы ресми ММА жекпе-жегін биыл ақпан айында өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен бразилиялық Алан Силваны жеңген болатын.
Ал Арман Царукян өткен жылдың қараша айында жаңа зеландиялық Дэн Хукерді екінші раундта қылқындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңіп, жеңісті жолын жалғастырған еді.
