Oңтүстік Африка Республикасының ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джейден Адамс 25 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Адамстың өлімінің нақты себебі туралы ресми қорытынды әзірге жарияланған жоқ.
Джейден Адамстың қатысуымен ОАР құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, қайғылы оқиғаға дейін футболшы ауыр отбасылық қазаға тап болған. Оның 72 жастағы әжесі Марианна Адамс 17 маусымда, Чехияға қарсы топтық кезең матчынан бір күн бұрын дүниеден өткен. Соған қарамастан, Джейден ұлттық құрама сапынан кетпей, әлем чемпионатындағы ойындарын жалғастырған.
