Әлеуметтік желіде Аргентина құрамасын 2026 жылғы әлем чемпионатынан шеттету туралы петиция кеңінен таралып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Петиция авторларының мәлімдеуінше, турнир барысында төрешілердің бірнеше даулы шешімі қабылданған. Мысыр құрамасының есепке алынбаған голы, күмән тудырған төрешілік шешімдер және кейбір эпизодтарда ойыншыларға ескерту қағазының көрсетілмеуі негізгі шағым ретінде келтірілген.
Айта кетейік, екі миллионнан астам жанкүйер бұл петицияны қолдап отыр. Бұл бастама әзірге ресми сипатқа ие емес және FIFA тарапынан ешқандай шешім қабылданған жоқ.
