Индонезияда өтіп жатқан бокстан U19 және U23 Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан жалпы саны 30 боксшы жартылай финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде U23 санатында бақ сынаған 16 былғары қолғап шеберінің 13-і, ал U19 санатындағы 14 қазақстандықтың 9-ы финалға жолдама алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының екі жас санаты бойынша жалпы 22 боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты. Финалдық кездесулер алдағы күндері өтеді.
