Алина Чистякова U23 Азия чемпионатында күміс жүлде алып, бес жеке рекордын жаңартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Жетісайыс бағдарламасында 5737 ұпай жинаған қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар жарыс барысында бірден бес бағдарлама бойынша жеке рекордын жаңартты.
Алина Чистякова 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде — 14,05 секунд, ядро итеруде — 11,62 метр, ұзындыққа секіруде — 6,15 метр, 200 метрге жүгіруде — 25,09 секунд, ал 800 метрде 2:19,27 уақыт көрсетіп, өзінің үздік нәтижелерін тіркеді.
