Испания құрамасы Францияны жеңіп, футболдан әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Жартылай финалда Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері Францияны 2:0 есебімен жеңді.
Франция қорғаушысы Люка Динь испаниялық шабуылшы Ламин Ямальға қарсы ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Айып добын сәтті орындаған Микель Оярсабаль Испанияны алға шығарды. Ал 58-минутта Порроның соққан голы есепті 2:0-ге жеткізді.
Финалда испаниялықтар Англия — Аргентина жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Франция әлем чемпионаты тарихында қатарынан үш финалға шыққан үшінші құрама атану мүмкіндігінен айырылды. Бұған дейін мұндай жетістікке Германия (1982, 1986, 1990) және Бразилия (1994, 1998, 2002) құрамалары ғана қол жеткізген.
