Зинедин Зидан Франция ұлттық құрамасын жаттықтырады. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Зидан Франция құрамасының тізгінін 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін қолға алады. Қазіргі бас бапкер Дидье Дешам турнирден кейін қызметінен кететінін бұған дейін мәлімдеген болатын.
Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері басқарып келеді. Оның жетекшілігімен команда 2018 жылы әлем чемпионатын жеңіп алды.
Ал Зинедин Зидан бапкерлік мансабында үлкен жетістіктерге жеткен. Ол Реал Мадрид командасын екі кезеңде (2016-2018 және 2019-2021 жылдары) жаттықтырып, үш рет қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Испания чемпионы болып екі рет жеңіске жетіп, трофейлерді иеленді.
