Қазақстан ерлер құрамасы таеквондодан командалық Әлем кубогын күміс жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың финалында қазақстандық спортшылар Қытай құрамасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, ұлттық құрама турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан командасы жарыс барысында жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетіп, маңызды жекпе-жектерде жеңіске жетті.
