Колумбия ұлттық құрамасының қорғаушысы 26 жастағы Кампас командамен бірге елге қайтатын рейске отырмаған, деп жазады Sportbugin.kz.
Футболшы АҚШ-тан Колумбияға ұшар алдында Швейцария құрамасына қарсы матчта жіберген қателігіне байланысты қоқан-лоқы алған.
Ойынның 115-минутында орын алған сәтсіз әрекетінен кейін оған өлім қаупі төндірілген.
Колумбияда футболға байланысты қайғылы оқиғалар бұрын да болған. Мысалы, 1994 жылғы әлем чемпионатынан кейін өз қақпасына гол соғып алған ұлттық құрама қорғаушысы Андрес Эскобар қаза тапқан еді.
Қазіргі таңда Кампастың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп отыр.
