Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жарыстың жартылай финалында Рыбакина ресейлік Людмила Самсонованы үш сет қорытынды бойынша жеңді. Есеп — 6:0, 4:6, 6:2.
Еленаның финалдағы қарсыласы — тағы бір ресейлік теннисші Дарья Касаткина.
Осылайша, Рыбакина осы маусымда екінші рет WTA-500 санатындағы турнирдің финалына шығып отыр. Бұған дейін ол Брисбендегі бәсекеде топ жарған болатын.