Халықаралық гимнастика федерациясы Германияда өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы әлемдік додада жекелей және топтық жаттығулар бойынша сынға түседі.
Жекелей сында ел намысын Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды.
Ал топтық жаттығуларда Қазақстан атынан Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова өнер көрсетеді.
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.
