UFC файтері Асу Алмабаев америкалық Real American Freestyle (RAF) күрес лигасында бақ сынайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
RAF лигасымен келісімшартқа қол қойған қазақстандық спортшының кілемдегі алғашқы жекпе-жегі белгілі болды.
Асу Алмабаев 22 тамызда Кливленд қаласында өтетін RAF 12 турнирінде америкалық Джонни Дижилиуспен кездеседі.
Айта кетейік, Асу Алмабаев америкалық күрес промоушенінде өнер көрсететін Қазақстанның үшінші спортшысы атанады. Бұған дейін бұл лигада Ризабек Айтмұхан мен Қуат Хамитов белдескен.
