Бақдәулет Ағабек 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 48 келіге дейінгі салмақта белдескен Бақдәулет Ағабек финалда үндістандық Арьяннан басым түсіп, кездесуді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқтады.
Бақдәулет Ағабек жарысты іріктеу кезеңінен бастап, тәжікстандық Муслихиддин Ходжиевті 10:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда болгариялық Эмир Джеватовтан 10:0 есебімен басым түсті.
Ширек финалда қазақстандық балуан моңғолиялық Темулен Усухбаярды 10:0 есебімен ұтса, жартылай финалда өзбекстандық Фарух Махмудовты 7:3 есебімен жеңді.
Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.
