Еркін күрестен Ресей чемпионатында 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Иналбек Шериев топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда ол Олимпиада чемпионы Заурбек Сидаковты 7:5 есебімен жеңіп, Ресей чемпионы атанды.
Айта кетейік, Ресей чемпионатының жеңімпаздары Астанада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
