Қазақстанда алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
5-15 тамыз аралығында Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау базасында әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы бас қосады.
Оқу-жаттығу жиынына әлемдік рейтингтің көшбасшылары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлері қатысады.
Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов пен Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және әлемдік дзюдоның өзге де жұлдыздары бар.
